«Delta Bank» АҚ 2 мыңнан астам салымшысы депозиттерінің өтемін алады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Delta Bank» АҚ жалпы көлемі 126,4 млн теңге болатын 2242 жеке тұлғаның депозиті сақталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан депозиттерді кепілдік беру  қорының (ҚДКБҚ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

ҚДКБҚ банк клиенттері 120,1 млн теңге өтеуі тиіс. Қордың кепілді өтеу көлемі 547,5 млрд теңге болып тұр.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қор банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен бастап 14 жұмыс күні ішінде жұмыс істеп тұрған қазақстандық банктер ішінен агент-банкті таңдап жариялайды және аталған агент-банк "Delta Bank" АҚ салымшыларына өтем төлеуді және есеп айырысуды бастайды.

Заңнамаға сәйкес, бұл банк қаржылық жағдайы тұрақты, ауқымды филиалдық желісі болуы шарт.

Бұл банк "Delta Bank" АҚ салымшыларымен ҚДКБҚ атынан және есебінен жұмыс істейтін болады.

Құжаттарды қарау мен кепілдік берілген өтемді төлеудің жалпы уақыты агент-банк үшін 5 жұмыс күнінен аспауы керек», - деді қор өкілдері.

ҚДКБҚ лицензиядан айрылған банк ақша аударымдарын жасау құқығынан айырылады.

Депозиттер, төлем картасындағы қаржылар, банк шоттарындағы ақшалар «Қазақстан депозиттерді кепілдендіру қоры» АҚ мен қорғалған. Қор 10 млн теңге, шетелдік валютадағы салымдар 5 млн теңгеден аспаған жағдайда депозиттерді өтейді.  

Ескерер мәселе, тек банк шотындағы қалдық ақша ғана төленеді. Оларға тағайындалған пайыздық өсім қайтарылмайды.

Айта кету керек, ҚР Ұлттық банкі «Delta Bank» АҚ банк операцияларын жүргізуге, құнды қағаздар нарығында жұмыс жасауға лицензиясын тоқтату туралы шешім шығарған болатын.

ҚР Ұлттық банкі төрағасының  2 қарашадағы  №402 бұйрығымен уақытша әкімшілік құрылды. Уақытша басшылық тарату комиссиясы құрылғанға дейін жұмыс істейтін болады.

3 қарашадан бастап клиенттердің банк шоты бойынша барлық операциялар тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар