Демалыс күндері Қазақстанда қар, жаңбыр жауады

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2024 жылғы 30 қараша мен 2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын дайындады.

Зима люди снег қыс адамдар қар
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Синоптиктердің болжамынша, алдағы тәуліктерде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен келесі күн райы болжанып отыр: республиканың солтүстік бөлігінде қар, ал оңтүстік облыстарда жауын-шашын жауады.

30 қараша және 1 желтоқсанда елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс, таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады. 

Тек республиканың батысында атмосфералық қысымның жоғарылауы аясында айтарлықтай жауын-шашынсыз күн райы сақталады. 

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды. 

Бұған дейін ШҚО-да күн райына байланысты тағы бір ауданда оқушылар мектепке бармайтыны хабарланды.