Демалмастан 30 сағат жұмыс істеген әйелдің жүрегі тоқтап қалды

АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Демалмастан 30 сағат жұмыс істеген жарнамалық агенттіктің қызметкері комаға түсіп, жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды.

Демалмастан 30 сағат жұмыс істеген әйелдің жүрегі тоқтап қалды

Бұл туралы Утро.ру хабарлады.
Индонезиялық «Young&Rubicam» жарнамалық агенттігінің копирайтері 27 жастағы Прадна Парамитаның үзіліссіз 30 сағаттық жұмыстан кейін жүрегі тоқтап қалды.
Ол бір тәуліктен астам уақыттан кейін кеңсесінен шығып достарымен бірге тамақтану үшін мейрамханаға келген екен. Қолына ас мәзірін ала берген сәтте талып қалған Парамита сол бетімен есін жимады.
Индонезиялық қыз жедел жәрдем көлігінде жантәсілім етті. Әлеуметтік желілерде ол соңғы кезде «жұмыста түнеп жүргенін» жазыпты.
Парамитаның туыстары оның университет кезінен энергетикалық сусындарға әуес болғанын айтады.