Демалыс күндері 40-тан астам мас жүргізуші ұсталды

АСТАНА.  Шілденің 20-сы.  ҚазАқпарат -  Өткен  аптада елордада    бес адам  зардап шеккен бес жол-көлік оқиғасы тіркелді, 

Демалыс күндері 40-тан  астам   мас жүргізуші  ұсталды

деп   хабарлады  Астана   қаласы Ішкі істер  департаментінің  жол  полициясы басқармасының баспасөз қызметінен.

Атап  айтқанда,  шілденің 19-ында  сағат  17.30-да  «Самұрық»  кинотеатрының  алдында  «БМВ»   көлігінің  жүргізушісі    жаяу  жүргіншіні   қағып кетеді, онымен   қоймай     жолдың  қарсы бетіне  шығып  кетіп  «Мицубиси» автокөлігімен соғысады.     Жол-көлік  оқиғасының салдарынан     жаяу  жүргінші түрлі   жарақатпен  ауруханаға түседі.

Демалыс күндері    жол қозғалысын  қадағалау  барысында жол ережелерін бұзудың  1 092  оқиғасы  тіркелді,  рульге мас болып отырған  42 жүргізуші  ұсталды.