Демалыс күндері Астанада 24 мас жүргізуші ұсталды - ЖПБ
АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Астанада демалыс күндері жол полицейлері көлікті мас күйінде басқарған 24 жүргізушіні құрықтады,
деп хабарлады ЖПБ баспасөз қызметі.
Сонымен қатар 85 жүргізушіге қатысты - бекітілген жылдамдықты асырғаны, 19-на - қарсы бетке шығып кеткені, 17-не - көліктің техникалық жағдайы, 13-не - көлікті тиісті құжатсыз басқарғаны, 62-не - көлікті басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлескені үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Оның барысында 29 көлік айыппұл тұрағына тоғытылды.
Барлығы, баспасөз қызметінің хабарлауынша, демалыс күндері 1500-ден астам түрлі жол құқық бұзушылығы анықталды.