Демалыс күндері Астанада 35 мас жүргізуші ұсталды - Жол полициясы

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Өткен сенбі және жексенбі күнгі демалыстарда Астанада рөлге мас күйінде отырған 35 жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды қалалық Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.

Демалыс күндері Астанада 35 мас жүргізуші ұсталды - Жол полициясы

«Демалыс күндері жол полициясы қызметкерлері жолдағы қауіпсіздікті бақылау кезінде  жол-көлік ережелерін бұзудың 1158 фактісін анықтады. 35 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды», - делінген хабарламада.

Белгіленген көрсеткіштен жылдамдықты асырғаны үшін 125 көлік жүргізушіге әкімшілік хаттамалар толтырылса, 16-сына жолдың қарсы бағытына шығып кеткені үшін әкімшілік шаралар қолданылды. Тағы 50-іне қозғалыс кезінде ұялы телефонмен сөйлескені үшін айыппұлдар салынды. 38 көлік айып тұрағына жеткізілді.