Демалыс күндері Астанада 6 адам, соның ішінде 4 бала көмірқышқыл газына уланып қалды

ТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Демалыс күндері Астанада 6 адам, соның ішінде 4 бала көмірқышқыл газына уланып қалды.

Демалыс күндері Астанада 6 адам, соның ішінде 4 бала көмірқышқыл газына уланып қалды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 9 қазан күні сағат 11.13-те Алматы ауданы, Күлтегін көшесіндегі жекеменшік тұрғын үйлердің бірінің ауласында, баспана ретінде пайдаланылып келген вагоншадан өрт шығып, жалын 4 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жау толығымен 46 минутта ауыздықталды. Онымен күреске ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 14 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Өрт салдарынан 12 жасар бала газ иісіне уланып, ауруханаға түсті.

Сондай-ақ жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Сарыарқа ауданы Ә.Молдағұлова көшесіндегі шағын отбасыларға арналған үш қабатты жатақханада өрт болып, жаңа туған нәресте мен 18 жастағы бала көмірқышқыл газына уланып қалды. Құтқарушылардың анықтауынша, өрт бірінші қабаттағы ағаш қалқаннан басталған.

Төтенше жағдай орнына дереу жеткен Астана қаласы ТЖД өртке қарсы қызметінің 20 адамы мен 5 техникасы жалынның ошағын 24 минутта жойып, 1 сағат 14 минуттан кейін толығымен сөндірді. Оның тараған жалпы аумағы 6 шаршы метрді құрады. Жатақханадан 55 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Ал сенбі, 8 қазан күні сағат 22.36 минутта Алматы ауданы, Өнеркәсіп кентіндегі жекеменшік тұрғын үй пешінің ақауы салдарынан 26 жастағы азамат пен 2 және 4 жасар екі бала газ иісіне уланып, ауруханаға жеткізілді.