Демалыс күндері Астанада 748 жүргізуші жолда жүру ережелерін бұзды

АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - Демалыс күндері Астана қаласының жол полицейлері жолда жүру ережелерін бұзған 748 жүргізушіні анықтады.

Демалыс күндері Астанада 748 жүргізуші жолда жүру ережелерін бұзды

Қалалық Жол полициясы басқармасынан мәлім еткендей, 748 жүргізушінің 21-і темір тұлпарын мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды, 79-ына жылдамдықты белгіленген межеден асырғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ осы күндері полицейлердің құрығына жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетіп, ережені бұзған - 10, көлігі қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайда болғаны үшін - 16, машинаны құжаттарсыз басқарған - 15 және қозғалыс барысында ұялы телефонды пайдаланған 43 жүргізуші түсті. 21 көлік айыптұрағына жеткізілді.