Демалыс күндері Астанада ауа райы жауын-шашынсыз болады
АСТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат - Елордада жұмыс күндері ауа райы құбылмалы болды. Аптаның бірінші жартысында күн жылы болса, аптаның соңында ауа райы күрт суытып, жаңбыр жауды. Демалыс күндері де салқын болады, жаңбыр жаумайды. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Астанада алдағы күндері көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жаумайды. Түнде ауа температурасы +6+10°C, күндіз +18+23°C болады.
«Сенбі күні Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы +6+8°C, күндіз +18+20°C болады», - деп хабарлайды «Қазгидромет».
Жексенбі күні барлық астаналықтар білім күнін атап өтеді, күн жылы, жауын-шашынсыз болады.
«Ертең елордада күн ала бұлтты болады, жаңбыр жаумайды. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы +8+10°C, күндіз +21+23°C болады»,- делінген ақпаратта.