Демалыс күндері Астанада көлік руліне мас күйінде отырған 66 жүргізуші ұсталды
АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Маусымның 5-і мен 6-сы күндері Астана қаласында көлік руліне мас күйінде отырған 66 жүргізуші ұсталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ІІД-нің Жол полициясы басқармасына сілтеме жасап.
«Демалыс күндері 960 жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері анықталды. Көлікті мас күйінде басқарған 66 жүргізуші ұсталды. Жылдамдық асырған 132 жүргізушіге әкімшілік айыппұлдар салынды», делінген баспасөз баянында.
Мамырдың 31-і мен маусымның 6-сы күндері аралығында қалада 8 жол -көлік апаты орын алып, 1 адам көз жұмды, 7 кісі түрлі жарақат алды.