Демалыс күндері Астанада күн ала бұлтты болып, өткінші жаңбыр жауады
АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - Елордада аптаның ортасында күн ашық, болды, бірақ аптаның соңында күн суытады деп күтілуде.
«Қазгидромет» МКК-ның хабарлауынша, апта соңында қалада күн ала бұлтты болып, өткінші жаңбыр жауады.
«Жұма күні Астанада күн ала бұлтты болады, күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай ауысып 5-10 м/с жел соғады. Түнде ауа температурасы +16+18°С, күндіз +28+30°С болады», - деп хабарлады astana.kz сайтына Қазгидрометтен.
Алдағы күндері елордада күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, күн ала бұлтты болады. Сенбі күні оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +16+18°C, күндіз + 28+30°C ыстық болады.
Жексенбі күні солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°C, күндіз +25+27°C дейін көтеріледі.