Демалыс күндері Астанада күн жылы болады

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Елордада жұмыс күндері аяз болды. Апта басында ауа температурасы күрт төмендеп, апта соңында бұрқасындатты. Демалыс күндері қатты аяз болмайды. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Демалыс күндері Астанада күн жылы болады

Астанада демалыс күндері көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде -15;-11°C, күндіз -8;-4°C деңгейіне жетуі ықтимал.

Сенбі күні елордада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -13-15°C, күндіз -6-8°C.

«Жексенбі күні елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -11;-13°C, күндіз -4-6°C болады», - деп болжайды синоптиктер.