Демалыс күндері Астанада Павлодар облысының жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 13-14 қазанда елордада Павлодар облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Демалыс күндері Астанада Павлодар облысының жәрмеңкесі өтеді

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы сенбі, жексенбі күндері Астанадағы «Қазақстан» спорт кешеніні маңындағы алаңда Павлодар облысының ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді.

Жәрмеңкеде облыстың барлық өңірлерінің 100-ден астам қайта өңдеуші кәсіпорындар мен ауылшаруашылық құрылымдары қатысады, олар 150 млн теңгенің 541 тонна өнімін әкеледі. Оның ішінде облыста өндірілетін 55 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 220 тонна картоп, 120 тонна көкөніс және 146 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімі.

Республикаға танымал бренд «Рубиком» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Сағып» ШҚ, «РЭГТайм» ШҚ, «Крендель» ЖШС, «Зерноград» ЖШС, «Галицкое» ЖШС, «Шарбақты Құс» ЖШС, «Қызылжар-Құс» ЖШС, «Победа» ЖШС, «Ақтоғай Агро» ЖШС сияқты кәсіпорындар өзінің өнімін ұсынады. Павлодарлық кәсіпорындар қала тұрғындарына азық-түлік өнімдерінің көп түрін ұсынады. Сонымен қатар, жәрмеңкеде «Шаңырақ» мәдени-сауықтық орталығының ұжымдары концерт қояды.