Демалыс күндері Астанада жаңбыр жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6-8 сәуір күндері Астанада күн жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты Қазгидромедке сілтеме жасап.
Сәуірдің 6-сы күні Елордада көшпелі бұлт шығып, тұман болады, күн жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан тұрған жел оңтүстік-батысқа ауысып, 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 0... +2°С, күндіз +6...+8°С.
7-ші сәуір күні көшпелі бұлт шығып, жауын жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып 7-12 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 0...+2°С, күндіз +3+5°С.
Ал, 8 сәуір күні көшпелі бұлт шығып, жауын шашын күтіледі. Батыстан соққан жел бағытын өзгертіп оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен еседі. Ауа температурасы түнде 0...-2°С, күндіз +3+5°С күтіледі.