Демалыс күндері Астанада жол қозғалысы ережесін бұзудың 500-ге жуық оқиғасы тіркелді
АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - Демалыс күндері Астанада жүргізушілер тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың 490 оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.
Оның ішінде 16 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін құрықталды, 30 автокөлік иесіне бекітілген жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды, 9 жүргізуші қарсы бетке шығып кеткені үшін айыпқа тартылды. 20 жүргізушіге автокөліктің қалыпсыз техникалық жағдайына байланысты айып салынды. Автокөлікті тиісті құжаттарсыз басқарған 12 жүргізуші тоқтатылып, рөлде ұялы телефонмен сөйлескен 30 жүргізуші құрықталды. Айып тұрағына 23 автокөлік қойылды.