Демалыс күндері Астанада Жолда жүру ережелерін бұзған 992 жүргізуші ұсталды

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Өткен демалыс күндері Астанада Жолда жүру ережелерін бұзған 992 жүргізуші анықталды. Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаменті Жол полициясы басқармасынан хабарлады.

Демалыс күндері Астанада Жолда жүру ережелерін бұзған 992 жүргізуші ұсталды

Хабарланғандай, 992 жүргізушінің 38-і автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды. Сондай-ақ көлік жылдамдығын рұқсат етілген межеден асырғаны үшін 68 жүргізушіге, қарама-қарсы жолға шығып кеткені үшін - 10 жүргізушіге, көлік құралы қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайда болғаны үшін - 18, машинаны құжатсыз басқарғаны үшін - 17 және рөлде отырып ұялы телефон қолданғаны үшін - 59 жүргізушіге әкімшілік хаттамалар толтырылды. 46 көлік айып тұрағына қойылды.