04:00, 23 Наурыз 2014 | GMT +5
Демалыс күндері ауа райы қандай болмақ?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз айының ауа-райы, әдетте тұрақсыз. Мереке күндерінде де 21-23 наурыз аралығы, Қазақстан аумағанда оңтүстіктен ескен жылы ауа мен солтүстіктен соққан суық ауаларының «қақтығысы» көптеген облыстарда атмосфералық майдандарының күрделеніп, күңгірт ауа-райының сақталуына әкеледі, деп хабарлайды «Қазгидромет».
![None None](/static/img/plug.webp)
Тек шығыс аумақтары жауын-шашынсыз болады. Солтүстік аймақтарда, қарлы жаңбыр күтілуде, көктайғақ, желдің күшеюі 17-22 м/с, дейін болуы болжануда. Оңтүстікте жаңбыр, 21 наурыз күні таулы аймақтарда қаттырақ жауады. Жауын-шашын мен жылудың күрт жоғарлауына байланысты қар көшкіні қауіпі бар. Сонымен қатар ауа-райының нормалық деңгейден 5-10º жоғары болуы сақталады.