Демалыс күндері ел өңірлерінде екі бала суға кетіп, мерт болды

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері ел өңірлерінде екі бала су арналарына батып кетті.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, жексенбі, 26 мамыр күні Жамбыл облысының Мойынқұм ауылының маңындағы суару арығына 5 жасар бала құлап кетіп, тұншығып қалды. Бүлдіршіннің денесін судан жергілікті тұрғындар шығарды.

Сондай-ақ 25 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан облысы Біртілек ауылының аумағында орналасқан «Ошақты» арығына шомылу барысында 12 жастағы жасөспірім суға кетті. Баланың денесін бір тәуліктен кейін ауылдың тұрғындары тапты.

Соңғы жаңалықтар