Демалыс күндері елдің басым бөлігінде ауа райы жаңбырлы болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 23-25 шілде күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын орын алатынын болжап отыр, деп хабарлайды синоптиктер.
«Республикамыздың шығыс және батыс бөлігінде орналасқан екі циклон, атмосфералық фронттар жүйесі арқылы өзара түйісті. Сондықтан, демалыс күндері Қазақстан облыстарының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы, жауын-шашын, найзағай, кей жерлерде 15-23м/с екпінді жел болып, Іле Алатауында алдағы тәулікте нөсер жүреді», - делінген хабарламада.
Батыс өңірде Ресейдің европалық аумақтарынан ығысқан циклон әсерінен ыстықтың беті қайтып, өткен түнде басталған жаңбыр, алдағы үш тәулікте де жалғасады.