Демалыс күндері елдің оңтүстігі мен оңтүстік шығысында қар жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК наурыздың 4-і мен 6-ы күндеріне арналған ауа-райы болжамын жария етті.

Демалыс күндері елдің оңтүстігі мен оңтүстік шығысында қар жауады

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметі бойынша, демалыс күндері Қазақстанның көптеген облыстарының ауа райын антициклондар анықтайтын болады. Соның әсерінен күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Бірақ түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түсіп, көрініс 200-500 метрге дейін шектелуі мүмкін.

Ауа температурасы климаттық нормадан 4-7ºС жоғары болады деп күтіледі. Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысы алдағы үш тәулікте бұрынғысынша, циклондардың ықпалында болады. Көбіне аздаған қар түсіп, тұман, көк тайғақ болып, ауа температурасы нормадан 1-3ºС төмен болады деп күтілуде.