Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болмақ?
ШҚО-да, Павлодар облысында жел күшейіп, секундына 17-22 метрге дейін жетеді, жер тайғақ болады. Ақмола, Алматы облысында түнде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, кей жерлерінде боран соғып, көктайғақ болады. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында да боран соғады, желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді, жер тайғақ болып, тұмандатады. Қызылорда, Батыс Қазақстан, түнде Жамбыл облысында, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел секуында 15-20 метрге дейін күшейеді. Маңғыстау облысында да тұмандатады, күндіз жел күшейіп, оның күші 15-20 м/с дейін жетеді. Алдағы 3 күнде Сырдария, Алматы, Жамбыл облыстарының өзендерінде және Жайық өзенінде мұз әлі де ериді. Оңтүстік Қазақстан облысы мен Жамбыл облысындағы таудың етегіндегі өзендерде су деңгейі жоғарылайды деп күтілуде. 15-16 наурыз күндері күннің жылынуына байланысты Алматы және Шығыс Қазақстан облысының шағын өзендеріндегі қарғын сулар тасуы мүмкін.