Демалыс күндері еліміздің батысында нөсер жауын жауады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 22-24 тамыз күндері еліміздің батысында және оңтүстік-батысына қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Алдағы үш күн ішінде Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын жоғары циклон анықтайды. Соның әсерінен жаңбыр жауады. Елдің батысы мен оңтүстік-батысында қатты жаңбыр болады.

Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Кей жерлерде найзағай жарқылдап, тұман түседі, дауыл соғады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Бұршақ жаууы мүмкін.

Ауа температурасына келетін болсақ, күндізгі температура 20-25 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Кей жерлерінде 28 градус жылы болады деп болжанған батыс және оңтүстік-батыс аймақтарда айтарлықтай өзгеріс болмайды.


Соңғы жаңалықтар