20:50, 29 Тамыз 2015 | GMT +5
Демалыс күндері еліміздің оңтүстік және шығыс өңірлерінде күн ысиды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық Ресей мен Батыс Сібір өңірлерінде циклондардың алмасуы Қазақстандағы ауа райына да өз әсерін тигізуде. Бірнеше күннен бері республикамызда осы кезеңге тән температурадан 3-6º төмен болып тұр.

Жаз айының соңғы күндері де еліміздің батысы мен солтүстігінде ауа райы сол қалпы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Демалыс күндері батыс және солтүстік облыстарда атмосфералық ауа фронттарының өтуіне байланысты жаңбыр жауады, республика орталығында 31 тамыз күні жаңбырлы болады.
Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз болады, тіпті, ауа температурасы 30-35º дейін көтеріледі.