Демалыс күндері елордада 13 жол көлік оқиғасы тіркелді
АСТАНА. 15 шiлде. ҚазАқпарат - Қалада өткен аптада 13 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 4 адам көз жұмып, 16 адам түрлі дәрежеде жарақат алды.
Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Жол полициясынан мәлім етті.
Тұтастай алғанда, өткен аптада Астана жол полициясының инспекторлары 5 мыңнан аса жол қозғалысы ережесін бұзушыларды анықтады. Олардың 1,5 мыңы қоршаған ортаны ластағаны үшін (түтінмен ластаған) әкімшілік жазаға тартылды.
«Көлікті мас күйінде жүргізгені үшін 64 жүргізуші, басып озу және орағытып өту ережесін бұзғаны үшін - 404, жылдамдықты арттырғаны үшін - 345, жолдың қарсы бағытына шығып кеткені үшін - 62, жаяу жүргіншілерді өткізбегені үшін - 72, жол үстіне қоқыс тастағаны үшін 410 жүргiзушi жазаланып, барлығы 1,5 мың әкімшілік материал толтырылды, - деп хабарлайды ЖПБ баспасөз қызметінен.