17:14, 12 Шілде 2010 | GMT +5
Демалыс күндері елордада 23 мас жүргізуші ұсталды
АСТАНА. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат - Демалыс күндері, шілденің 10-11-інде елордада жүргізілген рейд барысында 23 мас жүргізуші ұсталды,

деп хабарлады Астана қалалық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен.
Демалыс күндері полицейлердің жол қозғалысын жіті қадағалауы барысында 1012 түрлі сипаттағы жол қозғалысы ережесінің бұзылуы анықталды. 23 жүргізуші автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды.
«Сонымен қатар, осы күндері 167 жүргізушіге көлігін белгіленген жылдамдықтан асыра жүргізгені үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Жолдың қарсы қозғалысына шығып кетудің - 4, көліктің техникалық жағдайы бойынша - 60, көліктерді құжатсыз басқарудың - 75, ұялы телефонды пайдаланудың 32 фактісі тіркелді. 38 көлік айып тұрағына қойылды», делінген баспасөз хабарламасында.