Демалыс күндері елордада ауа райы суық, жауын-шашынды болады

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Жұмыс күндері Астанада күн суық, жауын-шашынды болды. Апта басында жаңбыр жаумаса, апта соңында күн суытып, аздап жауын-шашынды болды, қар қылаулайды. Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері ауа райы суытып, жауын-шашынды болады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК-ден хабарлады.
None
None
Астанада алдағы күндері көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +0+4°C, күндіз - +6+10°C. «Сенбі күні елордада көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан, шыығыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 0°C, күндіз +6+8°C болады. «Жексенбі күні жаңбыр жауады, күн бұлтты болады. Батыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +2+4°C, күндіз +8+10°C болады», - деп болжайды синоптиктер.
Соңғы жаңалықтар