12:18, 19 Қазан 2013 | GMT +5
Демалыс күндері елордада ауа райы жауын-шашынсыз болады
АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Астанада жұмыс күндері ауа райы суық болды. Апта басында аздап жаңбыр жауса, демалыс күндері жылы, жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Алдағы күндері елордада көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жаумайды. Түнде ауа температурасы -2+2°C, күндіз +6+10°C болады.
Сенбі күні көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысып, 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 0+2°C, күндіз +6+8°C болады.
«Жексенбі күні елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 0-2°C, күндіз +8+10°C болады»,- деп болжайды синоптиктер.