Демалыс күндері елордада ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30-31 шілдеде елордадағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде Алматы облысының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады. Б. Момышұлы даңғылында орналасқан Оқушылар сарайының жанында облыстағы 3 қала мен 15 ауданда шығарылатын 38 өнім түрі сатылатын болад, деп хабарлады қала әкімінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде 160 млн теңгенің 323 тонна ауыл шаруашылық өнімі өткізіледі.
Қала тұрғындары құс етін, балық, көкөністер, жемістер, картоп, сүт өнімдерін, бал, жұмыртқа және т.б. өнімдерді төмен бағамен сатып ала алады.