Демалыс күндері елордада көлігін мас күйінде басқарған 31 жүргізуші ұсталды

АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері елорданың жол полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесінің 1246 рет бұзылғандығын анықтады.

Демалыс күндері елордада көлігін мас күйінде басқарған 31 жүргізуші ұсталды

Астана қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, 14-15 сәуір күндері көлігін мас күйінде басқарған - 31, қозғалыстың қарсы бетіне шыққан - 11, құжатсыз көлік басқарған - 25, ұялы телефон пайдаланған 43 жүргізуші ұсталып, 32 азаматтың көлігі айыптұрағына қойылған.