Демалыс күндері елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада апта бойы күн аяз болды, алдағы күндері, метеорологтардың болжамынша, ауа температурасы өзгермейді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Демалыс күндері елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады

Бүгін Астанада күн ала бұлтты болады, түнде қар жауады. Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -23-25°С, күндіз -16-18°C болады.

Ертең, 16 ақпанда Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -27-29°С, күндіз -16-18°C болады.

Дүйсенбі күні, 17 ақпанда, елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -18-20°С, күндіз -10-12°C болады.