Демалыс күндері елордада күн суық болады
АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астанада бес күн бойы ауа райы суық болды. Демалыс күндері де жауын - шашынсыз, суық болады.
Елордада алдағы күндері көшпелі бұлт шығады, аздаған жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы -2+3°C, күндіз +13+18°C болады.
«Сенбі күні Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Шығыстан 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 0,-2°C, күндіз +13+15°C болады», - деп хабарлады «Қазгидрометке» сілтеме жасап astana.kz .
«Жексенбі күні елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстіктен 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы +1+3°C, күндіз +16+18°C болады»,- деп болжайды синоптиктер.