Демалыс күндері елордада өтетін қызықты мәдени және спорттық іс-шаралар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Демалыс күндері, 9-10 маусымда Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы елорда тұрғындары мен қонақтары үшін бірқатар шаралар ұйымдастырады.

Демалыс күндері елордада өтетін қызықты мәдени және спорттық іс-шаралар

9 маусым күні М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында сағат 11:00-де В. Орловтың «Золотой цыпленок» ертегісі көрсетіледі.

Сағат 18:00-де Р.Баэрдың «Смешанные чувства» спектакль-мелодрамасы қойылады.

Сенбі және жексенбі күндері Қуыршақ театрында А. Салаеваның «Еще раз о русалочке» ертегісі балалардың назарына ұсынылады. Басталуы сағат 12:00-де және 14:00-де.

9 маусымда «Астана» концерт залында «Шалқыма» халық биі ансамблінің және халық әндерін орындаушылардың «Астанаға 20 жыл» циклынан концерті өтеді. Басталуы 17:00.

9 маусымда сағат 18:00 және 10 маусымда сағат 15:00-де «Жастар» сарайында караокеден Астана қаласы әкімінің кубогына «Барлығы ән салады!» ашық қалалық чемпионатының II іріктеу туры өтеді.

10 маусымда Бейбітшілік және келісім сарайында «Тамашаның Құдайбергені» атты Құдайберген Сұлтанбаевты еске алу кеші өтеді. Басталуы сағат 18:30.

Алдағы демалыс күндері өтетін атаулы оқиғалардың бірі Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында VI «Самғау» халықаралық театр фестивалінің ашылуы болады.

10 маусымда сағат 16:00-де «Жастар» театрында қатысушылармен баспасөз-маслихаты өтеді және сағат 19:00-де фестиваль аясында бірінші болып елордалық «Жастар» театрының артистері Н.Гогольдың «Ревизор» романының желісі бойынша қойылған трагифарсты көпшілік назарына ұсынады.

Әдеттегідей, Астананың кішкентай тұрғындары мен қонақтары үшін үш саябақта күн сайын «саябақтың 7 ғажайыбы» балалар шоуы ұйымдастырылады.

Астаналық саябақта ойын-сауық бағдарламасы 9 және 10 маусымда сағат 15:00, 16:00 және 17:00-де, Студенттік саябақта - сағат 14:00 және 15:00-де, ал Жерұйық саябағында сағат 17:00 және 18:00-де өтеді.

Спортпен шұғылданып, белсенді өмір салтын ұстанатындар демалыс күндері Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында бокстан Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ашық турнирді тамашалай алады. Жарыс 9 маусымда сағат 12:00-де «Толқын» СК өтеді.

9-10 маусымда «Дәулет» спорт кешенінде бокстан ересектер арасында Қазақстан Республикасы Президентінің кубогына VI халықаралық турнирдің жабылуы болады. Осы күндері сағат таңғы 9-00-ден бастап мұнда теннистен «Жасыл доп» балалар турнирі өткізіледі.

9 маусымда сағат 10.00-де № 24 орта мектепте 2002-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында асық атудан Астана қаласының чемпионаты өтеді, ал 10 маусымда сағат 10.00-де №4 орта мектепте жартасқа шығудан Астана қаласының ашық чемпионаты ұйымдастырылады.

Жексенбі күні баршаңызды ашық аспан астында ұйымдастырылатын тегін апта сайынғы жексенбілік жаттығуларға қатысуға шақырамыз.

Жаттығулар 10 маусымда сағат 10:00-12:00 және 19:30-20:30 Астаналық, Президенттік, Студенттік, Жерұйық және Триатлон саябақтарында өткізіледі.