Демалыс күндері елордада өтетін жәрмеңкеде өз өнімдерін БҚО ұсынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы демалыс күндері, яғни 28 және 29 тамызда елордада өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Батыс Қазақстан облысының тауар өндірушілері сауда жасайды.

Демалыс күндері елордада өтетін жәрмеңкеде өз өнімдерін БҚО ұсынады

Дәстүрлі түрде жәрмеңке «Хан Шатыр» сауды, ойын-сауық орталығы жанындағы алаңда өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 80 кәсіпкер 120 тонна өнім әкеледі.

Оның ішінде 65 тонна сиыр еті мен жылқы еті, 15 тонна шұжық және консерві өнімі, 5 тонна жаңа ауланған балық, 20 тонна ұн және макарон өнімі, 5 тонна өсімдік майы, 3 тонна сүт өнімі, 5 тонна түрлі сусын, 2 тонна кондитерлік өнім, 36 мың жұмыртқа бар.

Дәстүрлі түрде жәрмеңке бағасы нарықтан 10-20% арзан болады.

Жәрмеңке кезінде қатысушылар мен келушілер санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауы керек: маска режимі, әлеуметтік қашықтық және қол гигиенасы.

Естеріңізге сала кетейік, өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы Нұр-Сұлтанда 31 қазанға дейін жалғасады.