Демалыс күндері елордада өткінші жаңбыр жауады

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Астанада осы аптада күн суық, жауын-шашынды болды. Алдағы күндері ауа температурасы төмендеп, жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы -2+2°C, күндіз +8+13°C-ге жетеді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.
None
None

«Бейсенбі күні Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады. Батыстан оңтүстік-шығысқа қарай ауысып 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 0+2°C, күндіз +10+12°C болады», - делінген таратылған ақпаратта.

Жұма күні күн ала бұлтты, ал түнде жауын-шашынды. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 0,-2°C, күндіз +8+10°C болады.

Синоптиктердің болжамынша, сенбі күні көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады. Шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0,-2°C, күндіз +11+13°C деңгейінде болады.

Соңғы жаңалықтар