Демалыс күндері елордада жаңбыр жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазан айының 27-28 күндері Астанада күн райы жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Демалыс күндері елордада жаңбыр жауады

Қазгидрометтің мәліметінше, ертең, 26 қазан, көшпелі бұлт шығып, жауын жаумайды. Оңтүстік және оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0... +2 °С, күндіз +11...+13°С.

Сенбі, 27 қазан күні көшпелі бұлт шығып, түсте жауын жауады. Оңтүстік бағыттан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5 °С, күндіз +13...+15 °С күтіледі.

Ал, 28 қазан күні көшпелі бұлт шығып, өткінші жауын-шашын күтіледі. Жел батыстан соғады, жылдамдығы 7-12, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +3...+5 °С құрайды.