Демалыс күндері елордада жол ережесін бұзған 486 жүргізуші ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері елордада жол жүру ережесін бұзған 486 жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасынан хабарлады.

Демалыс күндері елордада жол ережесін бұзған 486 жүргізуші ұсталды

«Тексеру барысында жол жүру ережесін бұзған 486 жүргізуші ұсталды. 261 жүргізуші жылдамдықты белгіленген шектен асырса, 97 адам қауіпсіздік белдігін тақпаған. 23 жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермесе, 19-ы апатты жағдай туындатқан. Ал 15 жүргізуші қозғалыстың қарсы бетіне шығып кеткен. 13 жүргізуші көлікті құжатсыз басқарса, 25 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған. Айып тұрағына 34 автомобиль қойылды», - делінген хабарламада.