Демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыздығы сақталады - Қазгидромет
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыздығы сақталады, боран соғып, жел күшейеді, тұман түседі.
Ақмола облысында, түнде Ақтөбе облысында боран соғып, жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде боран соғады деп күтілуде, көктайғақ болады, тұман түседі, жел екпіні 15-20 м/с болады. Қызылорда облысында, түнде Қарағанды облысында, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түседі. Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде, көктайғақ болады. Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с-ке күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде тұман түседі деп күтілуде, жел екпіні 15-20 м/с болады. Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ болады деп күтілуде, күндіз жел 15-20 м/с-ке күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Жуырдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік бөлігінің су нысандарында мұз қалыптасу үрдісі жалғасуына байланысты республиканың шығысының жекелеген өзендерінде су деңгейінің тұрақсыздығы байқалады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыстың өзендерінде су деңгейі тұрақсыз болады деп күтілуде.