Демалыс күндері Қазақстанда ауа температурасы сәл төмендейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда циклонды антициклон алмастырады, алайда қатты аяз болмайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК 12-14 желтоқсанға жасаған ауа райы болжамында.
Атлантикалық циклондар Ресейдің Еуропалық бөлігі мен Батыс Сібір арқылы бір-бірін алмастырып жатыр. Осылайша арктикалық массалардың Ресейге ғана емес, сонымен бірге Қазақстан аумағына өтуіне кедергі келтіріп отыр. Сөйтіп, өткен тәйлікте ауа температурасы республикада нормадан 1-5º жоғары, солтүстік және шығыс облыстарында 6-13º жоғары болды.
Демалыс күндері Қазақстандағы ауа райына Шығыс Еуропадан келген антициклон әсер етеді. Сондықтан республиканың басым облыстарында сенбі күні солтүстік, орталық және шығыс аудандарында кей жерлерде аздап қар жауады. Ауа температурасы төмендейді, алайда климаттық нормадан 2-5º жоғары болып қалады.