Демалыс күндері Қазақстанда екі адам суға кетті - ҚР ТЖМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Сарыарқа ауданында Есіл өзеніне шомылу кезінде 18 жасар қыз суға батып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. Оның денесі ҚР ТЖМ ТЖД судан құтқару қызметінің (3 адам және 1 бірлік техника) күшімен іздестірілуде.
Сондай-ақ Қостанай облысы Жангелдин ауданының Сужарған ауылында Торғай өзенінен атты өткізуде 37 жастағы ер адам суға кетті. Оның денесін жергілікті тұрғындар судан шығарып алды.