Демалыс күндері Қазақстанда күн жылынып, жауын-шашын болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Күнтізбеде көктем келгенімен, еліміздің солтүстігінде қаһарлы қыстың ызғары қайтар емес. Антициклон көктемге тән емес ауа температурасының сақталуына ықпал етуде. Алайда алдағы үш күнде еліміздің оңтүстік өңірлеріне шуақты күн райын әкелген оңтүстік циклон солтүстікке қарай ығысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтемемен.

Демалыс күндері Қазақстанда күн жылынып, жауын-шашын болады

Солтүстікте күн бірден жылып кетпегенімен, аяздың беті аздап қайтады. Кейіннен оңтүстік циклонның әсерінен қар, бұрқасын, желдің күшеюі күтілуде. Түнде ауа температурасы 5-15 градус салқын болады.