Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 23-25 сәуірі күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынады.
«Еуропалық Ресейдің орталық аумағынан, кезекті циклон Батыс Сібірге қарай ығысуда. Осымен байланысты атмосфералық фронттар, жолай найзағайлы жаңбыр және 13-20м/с екпінді жел әкеле отырып, Қазақстан арқылы өтеді. Өйткені тропосферада ауа массасының батыстан шығысқа кеңінен ауысуы бұлтты, жауын-шашынды ауа райының, ауа температурасының төмендеуіне әкелуде. Алайда температура 3-8ºС климаттық нормадан жоғары болады», - деп жазылған хабарламада.