Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр мен бұршақ жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
«Жаздың екінші бөлігі басталғанымен, ауа райында өзгеріс байқалмайды. Алдағы үш күнде де әдеттегідей, республиканың көптеген облыстарында найзағайлы жаңбыр мен бұршақ күтілуде. Мұндай ауа райы Қазақстанның солтүстік жартысында бірнеше күнге созылатын биіктік циклонымен байланысты, алайда оның әсері батысты қоспағанда, барлық облыста көрініс табады. Еліміздің батыс бөлігінде күн 32 градустан 40 граудсқа дейінгі ыстық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», деп жазылған хабарламада.