Демалыс күндері Қазақстанның солтүстігінде күн жылына бастайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21-23 қарашада Қазақстанның орталық аудандарындағы циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар бірқатар облыста жауын-шашынның болуына ықпалдасады. Демалыс күндері оңтүстік, орталық және шығыс аудандарда оның тигізетін әсері сақталады. Алайда оның шығысқа қарай ығысуына байланысты ықпалы азаяды.
None
None

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Температура бұрынғыдай сақталады. Тек дүйсенбі 23 қарашада ол көпжылдық көрсеткіштің шамамен орташа деңгейінде болады.

Сібір антициклоны Қазақстанның солтүстік облыстарына әлі де әсерін тигізуде. Сондықтан түн мезгіліндегі ауа температурасы 22-30º шамасында сақталады. Бұл климаттық нормадан 5-10º төмен. Алайда Ресейдің Еуропалық аумағындағы циклон біртіндеп оны ығыстырып, елдің батыс және солтүстік облыстарында ауа температурасының көтерілуіне ықпалдасады.

Соңғы жаңалықтар