Демалыс күндері кей аймақтарда жауын-шашынды болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстігі мен орталығында бұрынғыша жауын-шашынды, салқын күндер сақталады, деп хабарланған Қазгидромет сайтында.

Демалыс күндері кей аймақтарда жауын-шашынды болады

Ауа температурасы күндіз +13...+25º-тан аспайды, бұл бұрынғыша орташа көпжылдық мәннен 3-7 гардусқа төмен.

Таяу үш тәулікте елдің шығысында, дүйсенбі күні Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күн күркіреп, өткінші жауын жауады, желдің күші 15-25 м/с-қа жетіп, ауа температурасы шығыста +25...+33º-тан +20...+28º дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыста - +30...+38-ден +25...+35º-ге дейін төмендейді. Қазақстанның батысында ауа райы жауын-шашынсыз, күндіз +28...+35º ыстық болады деп күтілуде.