Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде күн ашық болады

АСТАНА.ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 3-5 қыркүйек күндеріне ауа райы болжамын жариялады.

Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде күн ашық болады

Батыс Қазақстан облысына нөсер жауын жаудырған циклон Батыс Сібірге қарай, солтүстік-шығысқа жылжиды. Осыған байланысты, алдағы демалыс күндері республиканың солтүстік облыстарында жаңбыр жаууы мүмкін.

Қазақстанның қалған бөлігінде жоғары атмосфералық қысым әсерінен бұлтсыз, жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталады.