Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 26-28 наурыз күндері Қазақстанның көптеген бөлігінің ауа райы антициклонның әсерінде болады.
Бірақ сенбі күні республикамыздың батысына Рессейдің Еуропалық оңтүстік аумағынан екпінді циклон шығып, басқа да аумақтарға жайыла отырып шығысқа қарай ығысады. Бұл циклонмен, жиі жауын-шашынды ауа райы байланысты болады: жаңбыр, сулы қар, көктайғақ, тұман және 15-20 м/с жел. Температураның нормадан аномальді жоғарылығы сақталады, алайда солтүстік облыстарда сәл төмендеп климаттық нормаға жақындайды.