Демалыс күндері Ұлытау облысында қар құрсауынан 12 адам құтқарылды

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат - Ұлытау облысында қар құрсауынан 12 адам құтқарылып, жақын елді мекендерге жеткізілді, оның ішінде 2 бала бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Демалыс күндері Ұлытау облысында қар құрсауынан 12 адам құтқарылды

Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болмады. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖД-ның 26 қызметкері, жергілікті атқарушы органдар мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары және 7 бірлік техника жұмылдырылды.

«Қазіргі уақытта 2 адамды іздестіру жалғасуда, іздестіруге Ұлытау облысы ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың 25 маманы және 8 бірлік техника күштері мен құралдары тартылды.

Халықты ескерту мақсатында абоненттерге ауа райының нашарлауы туралы 229 629 СМС-хабарлама жіберілді және «Дармен» мобильді қосымшасы арқылы дауылды ескерту бойынша 3 хабарлама, жолдардың жабылуы бойынша 2 хабарлама жолданды», - деп жазды ТЖМ-нан.

Ұлытау облысының ТЖД ауа райын бақылауды және елді мекендерден тыс аймақтарға шұғыл қажеттіліксіз бармауды ескертеді.

Қазіргі уақытта ауа райы жағдайларының нашарлауына байланысты Жезқазған-Петропавл тас жолы, Сәтбаев-Жезді, Жезді-Қостанай облысы шекарасы жолдарының учаскесі жабық.

Фото: t.me/qr_tjm