10:54, 18 Сәуір 2011 | GMT +5
Демалыс күндері жылдамдықты асырғандары үшін 90 жүргізушіге айыппұл салынды - Астана
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада демалыс күндері жылдамдықты асыру фактілері бойынша 90-ға жуық жүргізушіге айыппұл салынды, деп хабарлады елордалық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен.
Ведомствоның ақпараты бойынша, рульге мас болып отырғандары, жылдамдықты асырғандары үшін 91 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылса, жолдың қарсы бетіне шығып кеткені үшін - тағы 13 адам, рульге құжатсыз отырғаны үшін - 20 адам, рульде отырған кезде ұялы телефонмен сөйлескені үшін - 51 адам жауапқа тартылды, 21 көлік айып тұрағына қойылды.
Жол полицейлері демалыс күндері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1196 фактісін тіркеп отыр.