Демалыс күндерінде қосылған пойыздардың қатынасы тағы бір айға ұзартылды

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елімізде темір жол арқылы жолаушылар тасымалына деген сұраныстың артуына байланысты №634/633 «Қарағанды-Жезқазған» және №66/65 «Астана-Арыс-1» қосымша жолаушылар пойыздарының қатынасы 2014 жылдың 2 ақпанына дейін ұзартылды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.

Демалыс күндерінде қосылған пойыздардың қатынасы тағы бір айға ұзартылды

Аталмыш бағыттардың кестесі жайлы ақпаратты теміржол билеттерін сататын кассалар мен вокзалдардың анықтама бюроларынан алуға болады.