Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Демалыс күндері ыстық, құрғақ ауа райы Қазақстан аумағының көптеген бөлігінде бұлтты, жаңбырлы және желді ауа райына ауысады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы - Қазгидромет

«Ауа температурасы апта басына түнгі уақытта республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында және шығысында 3-13ºС дейін, күндіз 10-15 дейін төмендейді, кей жерлерде 20-25ºС құрайды. Батыста түнгі температура айтарлықтай төмендемейді және 15-23ºС құрайды, ал күндіз ыстық түседі және температура 22-27 шамасында, кей жерлерде 33ºС болады.

Ал 19 мамырда республиканың тек оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағаймен өткінші жаңбыр өтеді, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнгі температура 13-20ºС шамасында қалады, ал күндізгі температура 25-33ºС құрайды», - деп жазылған хабарламада.